Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Испания үкіметі Израильге қатысты 9 санкция енгізді

Испания үкіметі Израильге қатысты 9 санкция енгізді

Испания үкіметі Газадағы қақтығыстарға байланысты Израильге қарсы 9 тармақтан тұратын санкциялар пакетін енгізді.

Бұл туралы премьер-министр Педро Санчес мәлімдеді. Санкциялар бүгін өткен министрлер кеңесінде мақұлданды.

Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбарес:

«Газада бейбіт тұрғындардың жаппай қаза табуына үнсіз қалу мүмкін емес», – деп атап өтті.

Санкциялар пакетінің негізгі тармақтары:
  • Израильге қару-жарақ экспортын заң жүзінде тоқтату;

  • Израиль армиясына отын тасымалдайтын кемелердің испан порттарын пайдалануына тыйым;

  • Әскери мақсаттағы ұшақтарға Испания әуе кеңістігінен өтуге шектеу;

  • Адам құқықтарын бұзуға қатысы бар тұлғаларға Испанияға кіруге тыйым;

  • Заңсыз қоныстардан өнім импортын тоқтату;

  • Палестинаға гуманитарлық көмек көлемін 150 млн еуроға дейін ұлғайту.

Альбарес бұл санкциялардың Еуроодақ деңгейінде қабылданған жағдайда анағұрлым тиімді болатынын айтты. Сонымен қатар, Испания Палестинаға көмек көрсету аясында жаңа жобаларды іске қосып, БҰҰ агенттігіне бөлінетін үлесін 10 млн еуроға арттырады.

Ұқсас материалдар