Әлемнің түкпір-түкпірінен талантты мамандарды тарту үшін жағдайлар жасалуда. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты.
«МФЦА-да Экспат орталығы жұмыс істейді. Бұл Орталық шетелдік мамандар үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алудың бірыңғай терезесі ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында IT-мамандарға арналған арнайы виза – Digital Nomad Visa іске қосылды. Бұл жеңілдетілген процедуралар арқылы электрондық виза алуға мүмкіндік береді», – деді министр.
Сондай-ақ, министр Digital Nomad Residency бағдарламасын іске қосу бойынша жұмыс жүріп жатқанын және келесі айда іске қосу жоспарланып отырғанын жеткізді.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026





