Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz – «Эйр Астана» 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2018 жылғы бірінші жарты жылдықта жолаушы тасымалының 10%-ға және кірістің 17%-ға ұлғайғаны туралы хабарлайды.
Халықаралық жолаушылар легі 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22% ұлғайды.
Халықаралық транзиттік легі 75%-ға өсіп, 320 000 жолаушыны құрады. Транзиттік жолаушылар саны «Эйр Астананың» халықаралық жолаушылар легінің 30%-ын құрады.
Астанадан Түменге және Қазанға жаңа рейстердің ашылуымен, және Астанадан Лондон, Омбы, Дубай, Дели қалаларына, және Алматыдан Душанбе, Баку, Гонконг, Сеул және Бішкек қалаларына қосымша рейстер енгізуімен тасымалдау сиымдылығы 8%-ға өсті. Оған қоса, Астана мен Алматыдан Бейжіңге, Мәскеуге, Санкт-Петербургке және Киевке жаңа жиіліктер қосылған. Сондай-ақ, Атырау-Франкфурт-Атырау бағыты бойынша жаңа рейс 26 наурызда ашылған.
Наурызда «Эйр Астана» Cathay Pacific әуекомпаниясымен кодшеринг келісімін жасап, жолаушыларға Гонконг арқылы Азияға және Австралияға ыңғайлы түсу рейстерін ұсынады. Сөйтіп, Cathay Pacific қазақстандық әуекомпаниясының 11-ші кодшеринг серіктесі болды.
«Эйр Астана» 17 тапсырыс берген ұшағынан жаңа үшінші А321neo әуе кемесін қабылдады.
Көктемде әуекомпания Астана қаласында Авиациялық Техникалық орталығын іске қосқан. Бұл орталық «Эйр Астана» ұшақтарына ғана емес, Қазақстанға ұшатын өзге де әуетасымалдаушыларға техникалық қызмет көрсетеді. Сондай ақ орталықта Part 66 EASA лицензиясы бойынша авиациялық механиктер мектебі жұмыс істейді.
«Жолаушылар легі халықаралық және транзиттік бағыттарда жоғары болып тұр. Ішкі және аймақтық бағыттардың дамуы қатаң бәсекелістікпен және операциялық шығындардың өсуімен тежелуде», - «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер.