Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қаржыгерлер қауымдастығы: Доллар 507 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

Қаржыгерлер қауымдастығы: Доллар 507 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

Келесі жылы доллар 507 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Десе де, Ұлттық банк төрағасы өзгерістің болмайтынын айтқанда кейбір экономистер оның сөзін қолдап, 460 теңгеден әрі аспайтынын меңзеді.

Ал өз зерттеуін ұсынған Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы былай дейді.

Айлық инфляцияның 2 еседен аса жеделдеуі және оның өзгеруінің жоғары амплитудасы базалық мөлшерлеменің төмендеу циклінің қайта басталуына кедергі келтіреді. Қаржы нарығы сарапшыларының көпшілігі алдағы 29 қарашадағы Ұлттық банк отырысында мөлшерлеме 14,25% деңгейінде сақталуы мүмкін деп санайды. Қалған бөлігі мөлшерлеме 14,0%-ға дейін төмендейді деп есептейді, – делінген Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы талдау орталығының мәлімдемесінде.

Бүгінде биткоинның да құны көтерілген. Цифрлық валюта кейінгі тәулікте 5 пайыз өсіп, 80 мың доллардан асты. Апталық өсім 18%-ға тең. Сарапшылардың айтуынша, бұл – рекордтық көрсеткіш.

Бұл тұрғыда экономист-сарапшы Тарик Әл-Сафа: «Биткоин мен долларда өсім болса, Йемен риалы күрт төмендеді. Жалпы, әлемде экономикалық тұрақсыздық бар. Жақын арада бәрі өзгеруі мүмкін. Валютадағы өзгеріс экономикаға әсер етпей қоймайды. Менің ойымша, бәрі осымен тоқтайды деу қиын. Өзгерістерге алдағы уақытта да дайын болу керек», – деді. 

Ұқсас материалдар