
Түркістан облысында қаржылық пирамидаларға қарсы күрес аясында кезекті үкім шықты.
Төлеби аудандық соты 20 айыпталушыға қатысты істі қарап, жәбірленушілерге 391 млн теңге шығын келтірген топқа жаза тағайындады.
Сот деректеріне сәйкес, үш күдікті «Chia Tai Tianging Pharmaceutical Group» атты қаржылық пирамиданың құрылымдық бөлімшесін басқарған. Қалған 17 адам оны жарнамалап, жаңа қатысушыларды тартқан. 2022–2023 жылдары олар «дәрілік препарат әзірлеуге қаражат жинау» деген желеумен 279 азаматты алдап, жалпы көлемі 391 млн теңгеден астам шығын келтірген.
-
Негізгі ұйымдастырушы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
-
Оның екі сыбайласы 5 жыл 6 айға сотталды.
-
Қалған 17 қатысушыға 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде денсаулық жағдайы, отбасылық ауыртпалықтар және кәмелетке толмаған балалардың болуы ескерілген. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.