
Бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) «Қазақтелеком» АҚ қарапайым акцияларының саудасын тоқтатқанын хабарлады.
Бұған оның құны 31,51%-ға төмендеп кетуі себеп болған.
«2025 жылғы 21 мамырда жасалған соңғы KZTK мәмілесінде бір акция бағасы 58 400,00 теңге болды. Ал 2025 жылғы 22 мамырда бір акцияның құны 39 999,99 теңгеге түсіп кетті, содан кейін KZTK акциясының саудасы тоқтатылды», – делінген KASE хабарламасында.
Ұлттық компания акциялары KASE-нің ресми тізімінде «Премиум» санатында ұсынылған болатын. Алайда, биржалық қызметті жүзеге асырудың ішкі ережелеріне сәйкес, егер акция бағасы 30%-ға және одан көп төмендесе, сауда автоматты түрде тоқтатылады.