Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Каспий құбыр консорциумы: 2025 жылы 70 млн тоннадан астам мұнай тасымалданды

Каспий құбыр консорциумы: 2025 жылы 70 млн тоннадан астам мұнай тасымалданды

Каспий құбыр консорциумы 2025 жылғы жұмыс қорытындыларын жариялады.

25-26 ақпанда Абу-Даби қаласында өткен басқарушы органдар отырысында өндірістік және қаржылық нәтижелер, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен экологиялық талаптардың орындалуы талқыланды.

Компания мәліметінше, өткен жылы Теңіз – Новороссийск құбыр жүйесі арқылы 70,52 млн тонна мұнай тасымалданған. Оның ішінде:

  • Теңіз кен орнынан – 36,6 млн тонна,

  • Қарашығанақтан – 9,2 млн тонна,

  • Қашағаннан – 17 млн тонна.

Сондай-ақ КҚК мен мердігер ұйымдардың қызметкерлері 14,2 млн адам-сағатты жарақатсыз жұмыс істеген. Компания автокөліктері 33 млн шақырымнан астам жол жүріп, бұл кезеңде жол-көлік оқиғалары тіркелмеген.

КҚК құбыры қазақстандық мұнайды экспорттаудың негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Ол мұнайды Новороссийск қаласындағы теңіз терминалы арқылы әлемдік нарыққа жеткізеді.

Ұқсас материалдар