Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Каспийді құтқаруға 42 млрд теңге бөлінбек

 Каспийді құтқаруға 42 млрд теңге бөлінбек

Қазақстан Каспий теңізін тереңдетуге 42 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсайды, деп хабарлайды LS.

 Үкіметтің депутаттық сауалға берген жауабында айтылғандай, Ақтау халықаралық теңіз сауда порты жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, 2024 жылдың желтоқсан айында мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған.

Порт айдынындағы тереңдету жұмыстарының жалпы құны – 42,1 млрд теңге. Оның 20,6 млрд теңгесі І кезеңге (2025 ж.) жоспарланған. 

Үкімет 2025 жылға арналған республикалық бюджет нақтыланған кезде қаржыландыру мәселесін пысықтау жоспарланып отырғанын хабарлады. 

Каспий теңізінің тайыздануы Қашаған кенішіне кіруді шектеу қаупін туғызады. Қазірдің өзінде теңіз кемелерді тек 75% ғана тиеуге мүмкіндік береді.

 

Ұқсас материалдар