
ranking.kz хабарлауынша Kaspi.kz-тің бір жыл ішінде төленген салығы 24%-ға артқан. Компанияның Қазақстан аумағында қызметін жүзеге асыратын 11 еншілес ұйымы бар.
Екінші орынға Halyk тобы жайғасты, яғни, Halyk Bank және оның еншілес ұйымдары: 2024 жылдың қорытындысы бойынша салық сомасы 270 млрд теңгеден асты. Қазақстандағы 10 еншілес ұйымы есепке алынды.
Kaspi.kz пен Halyk-тың қосынды салық аударымдары 556,5 млрд теңгені немесе еліміздегі 12 ірі банк төлеген барлық салықтардың 66,3%-ын құрады.
Үздік үштікті өзінің төрт еншілес ұйымымен Банк ЦентрКредит түйіндейді: 75,7 млрд теңге. Сонымен бірге алғашқы бестікке ForteBank тобы (42,8 млрд теңге) және Еуразиялық банк тобы (34,7 млрд теңге) енді.
Айта кетерлігі, еншілес ұйымдары жоқ ЕДБ да бар. Тиісінше, олардың тікелей салық аударымдары ғана ескерілді. Мұндай қаржы институттарының қатарында Отбасы банкі, Ситибанк Қазақстан, Bereke Bank және Altyn Bank.
Жалпы, 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің 12 ірі банкі салық аударымдары түрінде бюджетке 840 млрд теңге аударды.
"Осылайша, банк секторының бюджетке қосқан үлесі миллиардтаған теңгемен есептеліп, бұл сегментті Қазақстан экономикасының негізгі қаржы донорларының біріне айналдырады. Айта кетерлігі, мұндай жағдай жылдар бойы сақталып келеді, банк секторы ҚР бюджетіне түсетін салықтың ең ірі көзінің бірі болып қала бермек, ал мұндай салым жыл сайын жүздеген миллиард теңгемен өлшенеді", деп хабарлайды ranking.kz.