Билік
Қасым-Жомарт Тоқаев: Үкімет экономиканы барынша дамыту үшін тың тәсілдер табуы тиіс
"Мен министрлерден неғұрлым тиімді жұмыс істеуді және шешім қабылдағанда батыл болуды үнемі талап етемін. Қоғам да Үкіметтің жұмысына жоғары талап қояды. Бұл – өте орынды әрі қалыпты жағдай. Сондықтан Үкіметтің жұмысы нақты нәтижеге орай, әділ бағаланады. Басты көрсеткіш – азаматтардың тұрмыс сапасы. Экономикадағы жетістіктер адамдардың күнделікті өміріне оң әсерін тигізбесе, оны әншейін сөз жүзіндегі жетістік деуге болады", деді Президент.
Ол сондай-аққ, жуық арада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін, сол кезде жылды қорытындылап, қазіргі мәселелерді талқылап, жаңа жоспарлар жасалатынын атап өтті.
Президенттің пікірінше Қазақстанға экономиканың 4 пайыздық өсімі аз. Үкімет экономиканы барынша дамыту үшін тың тәсілдер табуы тиіс.