525,10 теңгеге дейін 2,5%-ға әлсіреді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҰБ хабарлауынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 262 млн-нан 254 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,3 млрд АҚШ долларын құрады.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін
желтоқсанда 900 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 17%-ын немесе күніне шамамен 43 млн АҚШ долларын құрады.
Республикалық бюджетке трансферт бөлуге Үкіметтің алдын ала болжамды
өтінімдері бойынша 2025 жылғы қаңтарда Ұлттық Банк Ұлттық қордан 750 млн АҚШ
долларынан 850 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп күтеді.
БЖЗҚ-да валюталық активтер үлесі 2024 жылдың соңында 40%-дан сәл жоғары
болды. Ұлттық Банк желтоқсанда зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алған жоқ. 2025 жылғы қаңтарда БЖЗҚ-қа валюта сатып алу
жоспарланбады. Ішкі валюта нарығында шектеулі ұсыныс кезінде экономикалық агенттер тарапынан шетел валютасына жоғары сұраныс сақталды.
Тұрақсыздық тудыратын ауытқулардың алдын алып, теңге бағамының шамадан тыс
құбылмалылығын реттеу мақсатында және белгілі бір кезеңдерде шетел валютасының
ұсынысын қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк желтоқсанда валюталық интервенция жүргізді. Айдың қорытындысы бойынша валюта сату көлемі 307,6 млн АҚШ долларын құрады.
Ұлттық Банктің хабарлауынша қысқамерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Қаржы
Өткен 11 айда отандастарымыздың зейнетақы активтері 4,25 трлн теңгеден асты
- 28 желтоқсан, 2024