Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Қазақмыс» нысандарынан 1 тоннадан астам жанармай ұрлаған топ ұсталды

«Қазақмыс» нысандарынан 1 тоннадан астам жанармай ұрлаған топ ұсталды

Қазақмыс нысандарынан жанар-жағармай ұрлады деген күдікпен бірнеше адам қолға түсті.

Тергеу барысында 1 тоннадан астам отынның заңсыз шығарылғаны анықталған.

Полиция жүргізген тінту кезінде ұрланған жанармаймен қатар ірі көлемде ақша, бірнеше автокөлік, сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер арнайы техникаларға жанармай құйылды деген жалған құжаттар рәсімдеп, отынды заңсыз есептен шығарып отырған. Бұл схемаға кәсіпорынның күзет қызметіндегі кейбір қызметкерлердің де қатысы болғаны айтылды.

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс қазіргі уақытта қаржы құжаттарына тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, келтірілген шығын көлемі аса ірі болуы мүмкін.

Бұл 2026 жылдың басынан бері «Қазақмыс» нысандарында тіркелген төртінші ірі ұрлық дерегі. Қазір барлық эпизод бойынша кешенді жедел-тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Бұған дейін Қарағанды полициясы пойыздардан дизель отынын жүйелі түрде ұрлап келген 17 адамды ұстаған еді.

Ұқсас материалдар