Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан 190 млрд йен қарызды не үшін алады?

Қазақстан 190 млрд йен қарызды не үшін алады?

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров 200 млрд йенге жуық қаржыны не себепті тартып жатқанын түсіндірді.

Яғни, Қазақстан Азия Даму Банкінен, Азия Инфрақұрылымдық Банкінен, сондай-ақ Халықаралық Қайта құру және Даму банкінен жалпы сомасы 200 млрд йенге жуық қаражатты не себепті тартып жатыр? Бұл сауалға Нұрлан Байбазаров: 

«Мұның бәрі инвестициялар, яғни өңірлерді дамытуға және инвестициялық жобаларды қаржыландыруға арналған. Бұл инвестициялар экономиканың әлеуетін өсіруге әсер етеді. Экономиканың өсімін қамтамасыз етсек, бюджеттің кірістері артатыны түсінікті. Әрине, егер мемлекеттік қарыз болса, ол мемлекет есебінен өтеледі. Жақында халықаралық кредит агенттіктері біздің рейтингтерді растады, олардың кейбірі еліміздің деңгейін көтерді. Сондықтан Қазақстан жалпы халықаралық инвесторлардың алдында сенімді серіктес ретінде танылды. Біз инвестиция тартуға мүдделіміз. Атап айтқанда, осы мәселе бойынша ешқандай қауіпті көріп тұрғаным жоқ. Қаражат дер кезінде қайтарылады», – деп жауап берді.  

Сонымен қатар, ол 200 млрд йенге жуық қаражат не себепті йен валютасында алынатынына түсінік берді.

«Қазір йен ең арзан валюталардың бірі және оны алу шарттары тиімді, яғни төмен пайызбен ұзақ мерзімге алуға болады», – деді министр.

Бұдан бөлек, ведомство басшысы Ислам даму банкі Қазақстанның су саласына $1,15 млрд инвестиция салатынын еске салды. 

Ұқсас материалдар