Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан 2024 жылы әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына кірді

Қазақстан 2024 жылы әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына кірді

Канадалық HelloSafe аналитикалық платформасының рейтингі бойынша, Қазақстан 2024 жылы әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына енді.

Қазақстан 47,36 даму индексін алып, Ресей, Беларусь, Қытай, Түркия және Орталық Азия елдерінен озып, орташа даму деңгейі бар елдер қатарына қосылды.

HelloSafe рейтингі келесі алты негізгі көрсеткішке негізделген:

  • Жан басына шаққандағы ЖІӨ – экономикалық өндіріс пен ұлттық байлықты көрсетеді.
  • Жан басына шаққандағы жалпы ұлттық кіріс – тұрғындардың қолындағы табыс пен жалақыны қамтиды.
  • Ұлттық жинақ деңгейі – елдің болашаққа қаражат жинау қабілетін көрсетеді.
  • Адам дамуының индексі – өмір сүру ұзақтығын, білім сапасын және өмір деңгейін бағалайды.
  • Джини коэффициенті – табыс теңсіздігін өлшейді.
  • Кедейлік деңгейі – кедейлік шегінде өмір сүретін халықтың үлесін анықтайды.

Рейтинг көшбасшыларының қатарында Люксембург (86,2 индексімен), Норвегия және Ирландия бар.

Айта кетейік, басқа бір зерттеуде – Legatum Institute ұсынған даму индексінде 2023 жылы Қазақстан 167 елдің ішінен 69-орын алған болатын. Бұл рейтингте Қазақстан білім беру және экономиканың сапасы бойынша жақсы нәтижелер көрсетсе де, экология және жеке бостандықтар саласында әлсіз болды.

Ұқсас материалдар