Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан алғаш рет банк секторына климаттық стресс-тестілеу жүргізді

Қазақстан алғаш рет банк секторына климаттық стресс-тестілеу жүргізді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк секторына алғаш рет климаттық стресс-тестілеу жүргізді.

Бұл зерттеу жаһандық климаттық өзгерістер мен көміртексіздендіру саясатының банк жүйесіне ықтимал әсерін бағалауға бағытталған.

Тестілеуге елдегі банк жүйесі активтерінің 85%-ын құрайтын 11 ірі банк қатысты. Сараптама 2024-2026 жылдарды қамтыған және екі түрлі сценарий бойынша жүргізілді:

  • Базалық сценарий – температураның 1,5°C-қа дейін көтерілуін шектеу;

  • Стрестік сценарий – температураның 3°C-қа дейін өсуі және экологиялық шектеулердің күшеюі.

Нәтижесінде, стрестік сценарийде банк секторының жиынтық капиталы 17,4%-дан 14,2%-ға дейін қысқаруы мүмкін. Дегенмен, капитал жеткіліктілігі минималды талаптардан жоғары деңгейде қалып отыр.

Қорытындылар:
  • Тәуекелге бейім: құрылыс және өңдеу өнеркәсібі, ірі корпоративтік портфельдер, ШОБ және тұтынушылық несие сегменттері;

  • Дефолт ықтималдығының өсуі: 1-сатыдағы қарыздар бойынша 4%-дан 5,6%-ға дейін;

  • Проблемалық қарыздар: ШОБ-та +5,6 пайыздық тармақ, тұтынушылық несиеде +8,2 п.т.

«Тестілеу нәтижелері банк жүйесінің климаттық және өтпелі тәуекелдерге бейімделу қабілеті бар екенін көрсетті», – деді Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Тимур Әбілқасымов.

Зерттеу нәтижелері бойынша толық есеп Агенттіктің ресми сайтында жарияланды.

Ұқсас материалдар