Былтырғы тауар айналымның 742,3 млн (924,4 мың тонна) доллары Қазақстан экспортына тиесілі (3 есе өсім), қалған басым бөлігі Германиядан келген импорт – 3,1 млрд доллар (293,5 мың тонна).
Қазақстан былтыр Германияға турбовинттік қозғалтқыш жеткізуді 3,5 есеге (700 келі) ұлғайтқан. Ал мұнай жеткізу 4,7 есе (668,4 мың тонна), көмір жеткізу 4,8 есе (101,2 мың тонна) өсті. Сондай-ақ өткен жылы еуропалық елге 277,4 тонна никель және 26,7 тонна ұшу аппараттары жөнелтіліпті.
Кейбір позициялар бойынша кеміген көрсеткіштер барын жасырмаған жөн. Мысалы, ферроқорытпаларды сату – 9,6 пайыз (71,8 мың тонна), оқшауланған сымдар сату – 33 пайыз (370,9 тонна), фосфор сату – 1,6 есеге, 9,9 мың тоннаға дейін азайған. Бұл айтылғандарға қоса былтыр Германияға балық сүбесі (2,2 мың тонна) де экпортталды.
Ал неміс халқынан келген импорт былтыр 2022 жылмен салыстырғанда 23,5 пайызға өсіп, 293,5 мың тоннаны құрады. Жергілікті автокөлік нарығына 4,7 мың автомобиль (1,9 есе өсім) келген. Бұл тұста германиялық өндірушілер Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласының техникалық базасына да ықпал етіп жатқанын айта кеткен абзал. Былтыр 2 мыңға жуық техника келген, оның 1,1 мыңы – трактор (1,8 есе өсім), 740-ы – ауыл шаруашылығына арналған машина. Бұдан бөлек, 41,8 мың тонна тіркемелер, 10 мың тонна мотор майы әкелінген.
Өз кезегінде 2,4 мың тонна фармцевтикалық өнім жеткізіліп, өсім аздап ұлғайды (1,2 пайыз). Германиядан Қазақстанға жеткізілген бу қазандықтары 30 есеге (1,3 мың тонна), медициналық жабдықтар – 1,9 есе (868,9 тонна), сорғылар 21,7 пайызға (2,4 мың тонна) артқан. Сонымен қатар еліміздегі дүкендер неміс шоколадын көптеп алдырыпты. Мөлшері 3,5 мың тонна, өсім 16,5 пайызға жеткен.
Қазақпараттың хабарлауынша Германия қазақ жеріндегі жобаларға қызығушылығын жойған жоқ. Ұлттық банк дерегінше, 2005-2022 жылдары Германиядан Қазақстанға келген инвестиция ағыны 5,84 млрд долларды құраған. Ал былтыр бұл көрсеткіш 712 млн еуро болып, бір жылдық көрсеткіш бойынша рекордтық деңгейге барды.
Ақпарат: inform.kz
Фото: Ақорда, немістің іскерлік орта өкілдерімен кездесуінен