Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен АЭХА атом энергетикасын дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен АЭХА атом энергетикасын дамыту мәселелерін талқылады

АЭХА-ның Бас конференциясы аясында Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен АЭХА Бас директорының орынбасары Михаил Чудаков арасында жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында ұлттық атом инфрақұрылымын дамыту, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, ядролық қауіпсіздік, кадрлар даярлау және саланы ұзақ мерзімді дамыту стратегиясы талқыланды.

 Сәтқалиев АЭХА тарапынан көрсетіліп отырған сараптамалық қолдауды жоғары бағалап, Қазақстанның Агенттікпен өзара іс-қимылды одан әрі жандандыруға мүдделі екенін атап өтті.


«Біз АЭХА тарапынан көрсетіліп отырған жан-жақты қолдауды, соның ішінде сараптамалық сүйемелдеуді және озық тәжірибемен алмасуды жоғары бағалаймыз. Қазақстан АЭХА-ны қауіпсіз әрі тұрақты атом энергетикасын дамытудағы негізгі серіктес ретінде қарастырады және Агенттік бастамалары аясында белсенді ынтымақтастықты жалғастыру ниетінде», – деді А.Сәтқалиев. 

Тараптар бірлескен жобаларды ілгерілету және халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытында күш біріктіруге дайын екендерін растады.

Ұқсас материалдар