Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан офшорлық аймақтардың ресми тізімін жариялады

Қазақстан офшорлық аймақтардың ресми тізімін жариялады

Қазақстан Ұлттық банкі 2026 жылғы 10 сәуірде офшорлық аймақтардың жаңартылған тізімін бекітті. Құжат цифрлық активтерді реттеу аясында қабылданған.

Жаңа тізімге ерекше салық режимі бар 40-тан астам ел мен аумақ енген. Олардың қатарында Багам аралдары, Белиз, Панама, Мальта және Сейшел аралдары бар.

Құжатта «ішінара офшорлар» ұғымы да енгізілген. Мысалы, АҚШ толық емес, тек жекелеген аумақтары бойынша көрсетілген. Олардың қатарында Америкалық Виргин аралдары, Вайоминг штаты, Гуам және Пуэрто-Рико бар. Осы тәсіл Испания (Канар аралдары), Португалия (Мадейра), Нидерланд (Аруба мен Антиль аралдары), Жаңа Зеландия (Кук аралдары мен Ниуэ), сондай-ақ Қытай (Макао) үшін де қолданылған.

Сонымен қатар, Маршалл аралдары, Науру, Самоа, Вануату, Сент-Китс пен Невис, Сент-Люсия, Тринидад және Тобаго секілді классикалық офшорлық юрисдикциялар да тізімге енгізілген.

Бұл тізім енді цифрлық активтер мен қаржы операцияларын бақылауда негізгі құралдардың біріне айналады. Құжат «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» заң аясында қабылданып, аталған юрисдикциялармен байланысты транзакцияларды реттеуде қолданылатын болады.

Ұқсас материалдар