Бұл келісім екі ел арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындайды.
Оңтүстік Корея Президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун Сик мәлім еткендей, Сеул 2026 жылдың соңына дейін жалпы көлемі 273 млн баррель мұнай мен 2,1 млн тонна нафты жеткізуге келісім жасаған. Соның ішінде 18 млн баррель мұнай Қазақстанға тиесілі.
Корея тарапы Қазақстанды сенімді серіктес ретінде бағалап отыр. Бұған басты себеп – қазақстандық мұнайдың Ормуз бұғазы арқылы өтпеуі. Аймақтағы геосаяси тұрақсыздық жағдайында бұл фактор Сеул үшін энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие.
Кан Хун Сиктің Қазақстанға сапары барысында Ли Сук Ён атынан Қасым-Жомарт Тоқаев-қа жеке хат табысталды. Құжатта екі ел арасындағы энергетикалық әріптестікті одан әрі нығайтуға ниет білдірілген.
Сарапшылардың пікірінше, Сеулде қол жеткізілген келісімдер елдің ішкі нарығын тұрақтандыруға ықпал етеді. Корея билігінің есебіне сәйкес, келісілген мұнай көлемі экономиканы үш айдан астам уақыт қалыпты деңгейде ұстап тұруға жеткілікті.
Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Оңтүстік Корея баламалы жеткізу бағыттарын белсенді түрде іздестіруде. Осы ретте Қазақстан Сеулдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды стратегиялық серіктеске айналып отыр.





