Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан Ресей газын импорттайды: ішкі тұтыну көлемі айтарлықтай өседі

Қазақстан Ресей газын импорттайды: ішкі тұтыну көлемі айтарлықтай өседі

Қазақстан мен Ресей президенттері газ саласындағы жаңа серіктестікке келісім жасасты.

Келісім аясында Қазақстанның солтүстік өңірлері мен Астана қаласын газдандыру үшін ел аумағында жаңа магистральдық құбырлар салынады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің мәліметіне сүйенген LS хабарлады.

Жаңа газ инфрақұрылымы салынады

Келісімнен кейін жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, құбырлардың техникалық ерекшеліктері, құрылыс мерзімі, инвестиция көлемі және қаржыландыру модельдері белгіленбек. Газ жеткізу шарттары да осы рәсім барысында нақтыланады.

Ішкі нарықтағы сұраныс қарқынмен өседі

Қазіргі уақытта Қазақстанда газ тапшылығы жоқ. Алайда электр энергетикасы, мұнай-газ химиясы және өнеркәсіп секторларының кеңеюіне байланысты ішкі сұраныс алдағы жылдары айтарлықтай артады деп күтілуде.

2024 жылы ішкі тұтыну көлемі 21,3 млрд текше метр болса, 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 39,7 млрд текше метрге жетуі мүмкін.

Жаңа газ өңдеу зауыттары салынып жатыр

Ішкі сұраныстың өсуін өтеу үшін Қазақстан газ ресурстарын ұлғайтуда. Қашаған кен орнында екі ірі жоба жоспарланған:

  • жылына 1 млрд текше метр газ өңдейтін жаңа зауыт (Мақат ауданында – құрылыс жүріп жатыр);

  • қуаттылығы 2,5 млрд текше метр болатын тағы бір ГПЗ (жоспарлау сатысында).

Сонымен қатар:

  • Жаңаөзендегі ескі «КазГПЗ» базасында 900 млн текше метрлік жаңа зауыт салынады;

  • Қарашығанақта жылына 4 млрд текше метрге дейін газ өңдеу зауыты салу жөнінде келіссөздер жүріп жатыр.

Жалпы бұл бастамалар елдің жылдық газ өңдеу көлемін 6,8 млрд текше метрге арттыруға мүмкіндік береді.

Ресеймен газ серіктестігі кеңейтіледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапары барысында газ саласындағы ынтымақтастық, шекаралас аймақтарға газ жеткізу және газды үшінші елдерге транзиттеу мәселелері де талқыланған.

Ұқсас материалдар