Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан тарихында алғаш рет халықтың салымдары 25 триллион теңгеге жуықтады

Қазақстан тарихында алғаш рет халықтың салымдары 25 триллион теңгеге жуықтады
2024 жылдың соңында жеке тұлғалардың банктердегі салымдары 24,6 трлн теңгені құрап, абсолютті көрсеткішке жетті. Бұл Қазақстан банктеріндегі барлық салымдардың жиынтық көлемінің 57,8%-ы, деп хабарлады ranking.kz.

Еліміздегі ірі банктер арасында Bereke Bank ең үздік көрсеткішпен алға шықты: салымдар бірден плюс 51,8%-ға, 652,7 млрд теңгеге дейін көбейді. Тек желтоқсан айында қаржы институтының бөлшек салымдар портфелі тағы 8,9%-ға өсті. Мәлімет үшін: бөлшек және корпоративтік сегменттегі банк салымдарының жиынтық портфелі 1,5 трлн теңгеден артып, жылдық өсім бір жарым еседен асты. 

Жылдық өсім бойынша екінші орынға Bank RBK орналасты: салымдар плюс 32,4%-ға, 639,4 млрд теңгеге дейін артты. Ал банк депозиттерінің жиынтық портфелі 1,6 трлн теңгеге жетіп, жылдық өсім 41,3%-ға ұлғайды.

Дерек: ranking.kz


Халық салымдары портфелінің өсімі бойынша көшбасшылардың үштігін Freedom Bank түйіндейді: салымдар плюс 27,5%-ға, 585,9 млрд теңгеге дейін көбейді. Қаржы институтындағы салымдардың жалпы көлемі жыл басында 1,1 трлн теңгені құрады, бір жыл ішінде 44,9%-ға өсті.

Аталған үздік үштіктен бөлек, Қазақстандағы ірі ЕДБ арасында Банк ЦентрКредит (жылына плюс 26%), Halyk Bank (плюс 23,3%) және Kaspi Bank (плюс 21,7%) те нарықта оң көрсеткішке қол жеткізді.

ranking.kz мәліметінше қазақстандықтар ірі әрі сенімді банктерді таңдайды. Мәселен, Қазақстандағы үздік он ЕДБ-да халықтың барлық салымдарының 95,6%-ы немесе 23,5 трлн теңге жатыр. Қалған 11 банкте небәрі 1,1 трлн теңге жинақталған, бұл орайда, халық салымдарының ең көп көлемі негізінен үш банкте ғана байқалды (Home Credit Bank, Altyn Bank және Нұрбанк). Шын мәнісінде, қазақстандықтар өз қаражатын шағын банктерге салмайды, олар ірі тұрақты қаржы институттарын жөн көреді.

Ұқсас материалдар