Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі республикаға тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салу туралы бұйрық жариялады.
Ол 2026 жылдың 21 қазанына дейін күшінде болады. Тауық жұмыртқасының Қазақстан арқылы транзитін, сондай-ақ оларды ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттен ЕАЭО мүше екінші мемлекетке Қазақстан арқылы тасымалдауды қоспағанда үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен барлық көлік түрімен тауық жұмыртқасын Қазақстанға әкелуге алты айға тыйым салынсын, – делінген құжатта.
2025 жылдың желтоқсанында Қазақстан сәуір айында енгізілген тауық жұмыртқасын әкелуге салынған тыйымды тағы бір айға ұзартты.
Құжатта отандық өндірушілерді қолдау осы шаралардың себебі ретінде көрсетілген.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Жаңалықтар
Экономика
АДБ 2026 жылы Қазақстандағы инвестиция 8%-ға өседі деп күтеді
- 24 қыркүйек, 2026





