Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан темір жолы жолаушылар ағынын қамтамасыз ету үшін үш қосымша пойыз тағайындап, барлығы 20 рейс орындайды.
Сонымен қатар сұранысы жоғары бағыттардағы қолданыстағы құрамдарға 230-ға жуық тіркеме вагон қосылады. Соның нәтижесінде жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынылады.
Қосымша пойыздар келесі бағыттарда жүреді:
– №201/202 Алматы – Астана (6 рейс)
– №204/203 Астана – Шымкент (8 рейс)
– №205/206 Ақтөбе – Астана (6 рейс)
Компания мәліметінше, бұл шаралар мереке күндері билет қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Билеттерді ресми сайттан және теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.





