Қазақстан Темір Жолы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүк тасымалы көлемінің артқанын мәлімдеді.
Компанияның хабарлауынша, 2025 жылы Өзбекстан бағыты бойынша жүк тасымалы 16%-ға өсіп, 32,3 млн тоннаны құрады. Соның ішінде астық тасымалы 32%-ға артып, 4,5 млн тоннаға жеткен.
Жалпы алғанда, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚТЖ желісі арқылы 319,9 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға көп. Экспорттық тасымал көлемі 7,1%-ға өсіп, 89,2 млн тоннаны құрады.
Компания дерегінше, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол қатынасының қарқынды дамуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етуде.





