Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда 15 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істеп жүр

Қазақстанда 15 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істеп жүр

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елімізде 15 054 шетел азаматы еңбек етіп жатыр.

Олар жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты негізінде жұмыс істеуде.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 909 жұмыс беруші бар. Бұл компанияларда 341 мыңнан астам қазақстандық азамат еңбек етеді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды.

Шетелдік жұмыс күшінің бөлінісі:

      1-санат (жоғары басшылық): 561 адам
  • 2-санат (бөлім басшылары): 2 348 адам

  • 3-санат (мамандар): 3 980 адам

  • 4-санат (білікті жұмысшылар): 1 052 адам

  • Маусымдық жұмысшылар: 3 099 адам

  • Корпоративтік ауыстыру аясында: 4 015 адам

 Ең көп шетелдік жұмысшылар келетін елдер:

        Қытай – 5 545 адам
       
         Өзбекстан
– 2 696 адам

           Түркия – 1 076 адам

            Үндістан – 1 052 адам

 Еңбек ететін негізгі салалар:

         Құрылыс – 4 929 адам
  • Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 3 140 адам

  • Тау-кен өнеркәсібі – 1 240 адам

  • Өңдеу өнеркәсібі – 1 122 адам

Шетелдік жұмыс күшін тарту квота негізінде жүзеге асады. 2025 жылға арналған жалпы квота бастапқыда 14,8 мың бірлік болып белгіленген. Кейін бұл көрсеткіш 16,5 мыңға, ал тамыз айынан бастап маусымдық кәсіптердің кеңеюіне байланысты – 19,4 мың бірлікке дейін ұлғайтылды. Бұл республикадағы жалпы жұмыс күшінің 0,25%-ын құрайды.

Ұқсас материалдар