
ForteBank бастапқы және екінші нарықтан тұрғын үй сатып алуға арналған жаңа ипотекалық бағдарламаны ұсынды.
Бұл туралы Telegram-дағы «Казахстан подешевле» арнасы хабарлап, ақпаратты банк ресми түрде растады.
Бағдарлама шарттары:
- Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының кемінде 30%
- Қарыз сомасы – 100 миллион теңгеге дейін
- Ипотека мерзімі – 15 жылға дейін
- Сатып алынатын тұрғын үй пайдалануға берілген болуы тиіс
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) бастапқы жарнаға байланысты есептеледі:
- 50% жарна енгізгенде – 7,48%
- 40% жарна енгізгенде –10,79%
- 30% жарна енгізгенде – 13,05%
Маңызды мәліметтер:
- Ипотеканы рәсімдеу тек ForteBank бөлімшелерінде жүргізіледі
- Комиссия алынбайды
- Бастапқы жарна ретінде зейнетақы жинақтарын қолдануға болмайды
- Сыйақы мөлшерлемесі қарыздың толық сомасына есептеледі
Жаңа бағдарлама әсіресе жоғары бастапқы жарна енгізе алатын азаматтар үшін тиімді мүмкіндік. 50% жарнамен ұсынылатын 7,48% ЖТСМ қазіргі нарықтағы ең төмен мөлшерлемелердің бірі болып саналады.