Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда БАҚ қосымша құн салығынан босатылуы мүмкін 

Қазақстанда БАҚ қосымша құн салығынан босатылуы мүмкін 
Жаңа Салық кодексінің жобасында  БАҚ саласын ҚҚС (қосылған құн салығы) төлеуден босату көзделген. Бұл туралы «Параграф» ақпараттық жүйесінде жарияланған жобада көрсетілген. 

 «ҚҚС ставкасын 12%-дан 16%-ға дейін көтеру, БАҚ және агроөнеркәсіп кешенін ҚҚС-нан босату, ал фармацевтика өнеркәсібі, медициналық қызметтер және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін 10% төмендетілген мөлшерлеме белгілеу ұсынылады», - делінген мәтінде.

Бұған дейін хабарланғандай, 20 ақпанда ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына Салық кодексінің жобасына ҚҚС ставкасын 12%-дан 16%-ға дейін арттыруды көздейтін түзетулер топтамасы енгізілген.

Негізгі түзетулер ҚҚС ставкасын 12%-дан 16%-ға көтеруді қамтиды, ал кейбір салалар үшін 10%-ға төмендетілген мөлшерлеме белгіленген.

Ұқсас материалдар