Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда банктер арасында QR арқылы төлем жүйесі іске қосылды

Қазақстанда банктер арасында QR арқылы төлем жүйесі іске қосылды

Қазақстанда банктер арасында QR арқылы төлем жасауға арналған жаңа сервис іске қосылды. Бұл туралы Ұлттық банк ресми хабарлады.

Жаңа жүйе арқылы азаматтар кез келген банктің клиентіне тауар мен қызмет ақысын мобильді қосымша арқылы QR-код сканерлеп төлеу мүмкіндігіне ие болды. Қызмет 2025 жылдың 30 қыркүйегінен бастап қолжетімді.

Қазіргі таңда жүйеге үш банк қосылған:

  • Банк ЦентрКредит

  • Home Credit Bank

  • Freedom Bank

«Төлем жасау үшін сатып алушы өз банкінің мобильді қосымшасына кіріп, сатушының терминалындағы QR-кодты сканерлеп, төлемді растаса жеткілікті», – делінген Ұлттық банк таратқан хабарламада.

QR арқылы төлем жасау сервисі Ұлттық төлем корпорациясы базасында жұмыс істейді. Ұлттық банк бұл қызметке еліміздегі басқа банктерді де кезең-кезеңмен қосу жоспарланып отырғанын атап өтті.

«Мұндай жаңашылдық банк қызметтерінің аясын кеңейтеді, банктер арасындағы өзара іс-қимылды арттырады, сонымен қатар тұтынушылар үшін төлем қызметтерін ыңғайлы әрі қолжетімді етеді», – делінген ресми мәлімдемеде.

Аталған бастама Ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылымды (ҰЦҚИ) дамыту аясында жүзеге асырылуда. Бұл бастама бәсекелестікті арттырып, заманауи төлем инфрақұрылымын құруды көздейді.

Ұқсас материалдар