Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда банктер мен шетелдік банк филиалдарын ашу тәртібі жаңартылмақ

Қазақстанда банктер мен шетелдік банк филиалдарын ашу тәртібі жаңартылмақ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерді және Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарын ашуға, сондай-ақ оларға лицензия беруге қатысты қағидаларды бекіту туралы қаулы жобасын әзірледі.

Құжат «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заң жобасын іске асыру мақсатында дайындалған. Онда банктерге, шетелдік банк филиалдарына банктік, исламдық банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия беру тәртібі айқындалады.

Қаулы жобасының толық мәтіні «Ашық НҚА» порталында және Агенттіктің ресми сайтында жарияланған.

Ұқсас материалдар