Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда биыл көпқабатты 650 тұрғын үй жөнделеді

Қазақстанда биыл көпқабатты 650 тұрғын үй жөнделеді

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі биыл көпқабатты 650 тұрғын үйге жөндеу жүргізетін болды.

Соңғы үш жыл ішінде Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңғырту және реновациялау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып келеді. Бұл шаралар азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және қалалық инфрақұрылымды жаңартуға бағытталған.

«Аталған шараларды іске асыру тұрғын үйлердің қауіпсіздігін арттыруға, олардың пайдалану мерзімін ұзартуға және қалалық заманауи, жайлы ортаны қалыптастыруға ықпал етеді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар тұрғын үй қорын жаңарту аясында 2026 жылы 650 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Ұқсас материалдар