Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда рақымшылық аясында 338 адам босатылды

Қазақстанда рақымшылық аясында 338 адам босатылды

Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев сот жүйесінің 2025 жылғы жұмысы туралы қорытынды жиналыста баяндама жасады.

Оның айтуынша, рақымшылық жасау туралы заң аясында 338 адам жазадан босатылып, 5 мыңнан астам сотталғанға жаза қолданылмаған, ал 8,6 мың адамның жаза мерзімі қысқартылған.

Кассациялық сатының құрылуы нәтижесінде шағым саны артқан: биыл 14 мыңнан астам өтініш, Жоғарғы Сотқа 9,7 мың кассациялық өтінішхат түскен. Бұл жаңа жүйеге сенімнің өскенін көрсетеді.

Сот актілерін түзету көрсеткіші де айтарлықтай жоғарылаған:

  • азаматтық істер бойынша – 3%-дан 18,5%-ға,

  • қылмыстық істер бойынша – 8%-дан 29%-ға.

Қылмыстық процесте ақтау үкімдері 30%-ға көбейген (109-дан 142-ге дейін). Бас бостандығынан айыруға балама жаза түрлерін қолдану жиілеп, 2 110 адамға электрондық білезік тағылған.

Ұқсас материалдар