Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда тағы бір автожол ақылы болмақ

Қазақстанда тағы бір автожол ақылы болмақ

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы  ҚР Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 134 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 11 мамырдан бастап республикалық маңызы бар «Балқаш-Бурылбайтал» автомобиль жолының 1864-1955 шақырым аралығындағы учаскесі ақылы болатынын хабарлады. 

Ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 91 шақырым, І-б санаты, өту жолағының ені кемінде 3,75 метр, екі бағытта екі жолақ. 

Балама тегін жол  «Балқаш – Қарағанды – Қарқаралы – Аягөз – Талдықорған – Көктал – Шунджа – Көкпек – Алматы – Құрты – Бурылбайтал» автомобиль жолы арқылы ұсынылады.

Жеңіл, автобус, жүк көліктері үшін айлық және жылдық абонемент ұсынылады. Ол үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу қажет.

Сондай-ақ, төлемді кейінгі немесе алдын ала төлеуге болады. Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн төлем қарастырылған.

Ұқсас материалдар