Экономика
Қазақстандағы АЭС құрылысының құны $15 млрд-қа жуық болуы мүмкін – «Росатом»

«Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев Қазақстанда салынатын алғашқы атом электр станциясының құны $14-15 млрд шамасында болатынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, баға мәселесі маңызды болғанымен, тек құнға ғана назар аудару жеткіліксіз. Атом энергетикасы саласындағы толыққанды әріптестік те ескерілуі тиіс. Лихачев мысал ретінде Еуропа мен АҚШ-тағы атом станцияларының құны $20 млрд-тан асып отырғанын алға тартты.
Сонымен қатар ол станцияның қызмет ету мерзімін 30-40 жылмен шектемей, кемінде 50-70 жылға есептеу қажеттігін атап өтті.
«Мәселе тек жаңа станциялар салуда ғана емес, сонымен бірге атом энергетикасының төртінші буынына көшуімізде», – деді Лихачев YouTube-тегі «КУПОЛ ЮРТЫ» арнасына берген сұхбатында.