Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстандықтарға Шенген визасын алу жеңілдеуі мүмкін

Қазақстандықтарға Шенген визасын алу жеңілдеуі мүмкін

Еуропалық Одақ қазақстандықтар үшін виза режимін жеңілдетуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы елшісі Алешка Симкич айтты. 

"Біз виза режимін жеңілдету туралы келісім бойынша көп жұмыс істеп жатырмыз. Бұл дегеніміз, қазақстандықтар әлі де Еуропаға виза алуы қажет болады, бірақ оны рәсімдеу процесі жеңілдетіледі. Бұл біраз уақыт алады, бірақ биыл осы келісім бойынша келіссөздерді бастауды жоспарлап отырмыз. Егер солай болса, болашақта виза алу оңайырақ болады. Біз бұл мәселеге үлкен қызығушылық танытып отырмыз", –деді Алешка Симкич.

Оның сөзінше, қазақстандықтар үшін Еуропаға баруды барынша жеңілдету керек, дәл солай еуропалықтар үшін Қазақстанға келу жеңіл болуы тиіс.

Ұқсас материалдар