Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанның сауда айналымы 19 млрд долларға жетті

Қазақстанның сауда айналымы 19 млрд долларға жетті

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар-ақпанда 19 016,6 млн долларды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Оның ішінде: 
Экспорт – 10 755,2 млн $
Импорт – 8 261,4 млн $

Негізгі серіктес елдер 

Экспорт бойынша (% үлесі): 
Италия – 26,7%
Қытай – 15%
Ресей – 9,5%
Нидерланд – 5,2%
Түркия – 5,1%

Импорт бойынша (% үлесі): 
Қытай – 28,8%
Ресей – 28,5%
Корея – 4,7%
Германия – 4,1%
АҚШ – 2,9%

Негізгі экспортталатын тауарлар шикі мұнай мен мұнай өнімдері, тазартылған және өңделмеген мыс қорытпалары, кен мен мыс концентраттары, ферроқорытпалар, бидай және меслин 

Импортталатын негізгі өнімнің қатарында жеңіл автомобильдер, моторлы көлік құралдарына арналған шанақтар, дәрілік заттар, телефон аппараттары, мұнай газдары және өзге де газ тәріздес көмірсутектер бар. 

Ұқсас материалдар