Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары анықталды

Астанада өткен Президенттің «Алтын сапа» және «Парыз» премияларын табыстау рәсімінде Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздарын жариялады.

«Халыққа арналған үздік тауар» номинациясында үш компания марапатталды:

  • PAPIRONE (Алматы) – санитарлық-гигиеналық өнімдер өндіруші. 200-ден астам қызметкері бар, өнімін Қазақстан мен ТМД-ға жеткізеді.

  • Sem Brand (Түркістан облысы) – металл қаңқалы жиһаз өндіретін компания. 70-тен астам қызметкері бар, ISO стандарттарын енгізген.

  • WEC Trade (Қарағанды облысы) – тұрмыстық және кәсіби химия шығарады. Өнімдері Қазақстан, Ресей және Өзбекстан нарығында бар.

«Үздік азық-түлік өнімі» номинациясында:

  • Асыл дән LTD (Қызылорда облысы) – күріш және қайта өңделген өнімдер өндірушісі. Ішкі нарық пен экспортқа жұмыс істейді.

  • Айсберг ПВ (Павлодар облысы) – 120-дан астам мұздатылған ет өнімдерін шығарады, елдің барлық өңіріне және Ресейге жеткізеді.

  • Бижан ет өңдеу кешені (Ақмола облысы) – өңделген ет өнімдерін өндіруші, заманауи қауіпсіздік стандарттарын енгізген.

Ұқсас материалдар