Астанада өткен Президенттің «Алтын сапа» және «Парыз» премияларын табыстау рәсімінде Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздарын жариялады.
«Халыққа арналған үздік тауар» номинациясында үш компания марапатталды:
-
PAPIRONE (Алматы) – санитарлық-гигиеналық өнімдер өндіруші. 200-ден астам қызметкері бар, өнімін Қазақстан мен ТМД-ға жеткізеді.
-
Sem Brand (Түркістан облысы) – металл қаңқалы жиһаз өндіретін компания. 70-тен астам қызметкері бар, ISO стандарттарын енгізген.
-
WEC Trade (Қарағанды облысы) – тұрмыстық және кәсіби химия шығарады. Өнімдері Қазақстан, Ресей және Өзбекстан нарығында бар.
«Үздік азық-түлік өнімі» номинациясында:
-
Асыл дән LTD (Қызылорда облысы) – күріш және қайта өңделген өнімдер өндірушісі. Ішкі нарық пен экспортқа жұмыс істейді.
-
Айсберг ПВ (Павлодар облысы) – 120-дан астам мұздатылған ет өнімдерін шығарады, елдің барлық өңіріне және Ресейге жеткізеді.
-
Бижан ет өңдеу кешені (Ақмола облысы) – өңделген ет өнімдерін өндіруші, заманауи қауіпсіздік стандарттарын енгізген.





