«ҚазТрансОйл» АҚ халықаралық серіктестермен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 2025 жылдың желтоқсанына арналған мұнай экспорттау көлемін қайта қарап, оны айтарлықтай ұлғайтқанын хабарлады.
Компания Каспий Құбыр Консорциумы жүйесінен мұнай ағындарының бір бөлігін балама маршруттарға бағыттау туралы келісімге келген.
Энергетика министрлігі бекіткен бастапқы жоспармен салыстырғанда желтоқсандағы экспорт көлемі келесі бағыттар бойынша артты:
-
Атырау – Самара: +232 мың тонна
-
Қытай бағыты: +72 мың тонна
-
Ақтау порты (Баку–Тбилиси–Джейхан): +58 мың тонна
Компания қосымша мұнай өндірушілерге резервуарлық парктерде уақытша сақтау мүмкіндігін ұсынып, жөнелту графигінің икемділігін және құбыр жүйесі бойынша жеткізілімдердің үздіксіздігін қамтамасыз етпек.





