Премьер-министр Олжас Бектенов пен оның жеті орынбасары айына 2,5 млн теңге жалақы алады.
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйене отырып, finprom жазды.
Дереккөз жазғандай, министрлер кабинетінің басшысы Олжас Бектеновтің бір айда алатын жалақысы – 2,5 млн теңге. Бір қызығы, оның орынбасарлары, яғни Роман Скляр, Ғалымжан Қойшыбаев, Мұрат Нұртілеу, Тамара Дүйсенова, Серік Жұманғарин, Нұрлан Байбазаров пен Қанат Бозымбаев та айына 2,5 млн теңге жалақы алады екен. Айта кетерлігі, премьердің орынбасарлары арасында Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі қызметін, ал Нұрлан Байбазаров Ұлттық экономика министрі қызметін қатар атқарып жүр.
Ұлттық статистика бюросы ұсынған ресми және ашық дереккөздегі мәліметке сүйенсек, Қазақстандағы облыс әкімдерінің жалықысы – 1,7 млн теңге, министрлердің жалақысы – 1,5 млн теңге, Мәжіліс депутаттарының жалақысы – 1,3 млн теңге, ал Сенат депутаттарының жалақысы – 1,1 млн теңге жалақы алады.