Клебанов пен Кан Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясындағы үлесін арттырды
Алматы. 29 қаңтар. 7kun.kz – «Орталық-Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ («ОАОЭК») акционерлері өзінің еншілес компаниясы – «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ-дағы үлесінің 59,65%-дан 92,75%-ға дейін арттырды. Бұған Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен Ислам инфрақұрылым қорымен (ИИҚ) жасалған бірнеше келісім нәтижесінде қол жеткізген. Бұл туралы компания акционерлері Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде айтты.
Орталық-Азия отын-энергетикалық компаниясы құрылымдық және мәмілелердің шарттарын келісу бойынша жұмыс жүргізді, соның нәтижесінде компания «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ-ның қарапайым дауыс беретін акцияларының 22,60% және 10,49%-ын Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Ислам инфрақұрылым қорынан сатып алды. «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ-ның ұзақ мерзімді даму стратегиясында көзделген акционерлердің компаниядан шығуы туралы мәміле жоспарлануда.
Ислам инфрақұрылым қоры 2011 жылдан бері «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ акционері болып келді. Оның қатысуымен активтерді жаңғырту және компаниядағы корпоративтік басқару деңгейін көтеру бойынша белсенді жұмыс жүргізілді. Еуропалық қайта құру және даму банкі 2009 жылдан бері «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ акцияларына иелік етіп, компанияның инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыруға қолдау көрсетті. Банктен тартылған қаражат энергетикалық компанияның өндіруші және беруші активтерді жаңғырту жұмыстарына жұмсалып, бұл олардың тиімділігі, сенімділігі және өнімділігінің артуына әкелді.
«Мемлекет басшысы ел дамуының басым міндеттерінің бірі ретінде республикада энергетикалық инфрақұрылымды дамытуды белгіледі. Бұл ретте ол ТКШ-н жаңғырту саласына инвесторлар тарту қажеттігіне жиі тоқталады. Президент тапсырмасы аясында 2009 жылы үкімет «тарифті инвестицияға айырбастау» шекті тарифтер бағдарламасын қабылдап, бұл Қазақстанның электр энергетикасы саласының инвестициялық тартымдылығын көтерді. Дәл осы кезеңде Еуропалық қайта құру және даму банкі энергия өндіретін активтерді жаңғырту үшін «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ капиталына кіру туралы шешім қабылдады. Банктің жоғары стандарттары қызметке оң ықпал етті, енді біз бұл тәжірибені алдағы жұмысымызда да қолдануға ниеттіміз», – деп атап өтті «Орталық-Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ акционері және Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Клебанов.
Бүгінгі таңда «Орталық-Азия отын-энергетикалық компаниясы» АҚ «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ-ның 92,75% акцияларына иелік етеді. Сондай-ақ, энергетикалық компанияның акционерлері қатарына «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қатысуымен құрылған қорлар кіреді, олардың үлесі – 7,25% (KIF ENERGY S.a.r.l. – 4,35%, Baiterek Venture Fund АҚ – 1,45%; CKIF ENERGY S.a.r.l. –1,45%).
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Алаш қозғалысы тарихына қатысты архив материалдары жинақ болып шықты
- 15 желтоқсан, 2024
Биыл 1,3 трлн теңгенің 180 инвестициялық жобасын енгізу жоспарланған
- 12 желтоқсан, 2024