2024 жылы қазақстандық жеке және заңды тұлғаларға 304,3 млрд теңге айыппұл салынған.
Бас прокуратураның мәліметінше, жол қозғалысы ережелерін елемегені үшін айыппұлдардың шамамен 40%-ы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге салынған.
– Прокурорлық антирейтингте екінші орында – салық саласындағы заң бұзушылықтар тұр. Үшінші орында – қоғамдық тәртіпке қатысты, мысалы, ұсақ бұзақылық, қоғамдық орында алкоголь ішу, тыныштықты бұзу және тағы басқасы, – делінген материалда.
Бұл ретте 2023 жылы Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қазақстандықтарға 88,7 млрд теңгеге айыппұл салынды, яғни өсім 36 пайыз болған.
Осыдан 10 жыл бұрын, яғни 2014 жылы – 21,672 млрд теңгеге айыппұл салынған, бұл қазіргімен салыстырғанда 6.4 есе аз.