Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Көлсай көлдері» Ұлттық паркі «Парктер шеруі» акциясын қорытындылады

«Көлсай көлдері» Ұлттық паркі «Парктер шеруі» акциясын қорытындылады

«Көлсай көлдері» Ұлттық паркі аумағында жыл сайын 22 наурыз - 5 маусым аралығында Республикалық маңызы бар  «Парктер шеруі» халықаралық табиғатты қорғау акциясы өткізіліп келеді.

«Акцияның негізгі мақсаты - жергілікті тұрғындарды, азаматтарды табиғатымызды аялауға, ұлттық парктер мен қорықтардың гүлденуіне өз үлестерін қосуға шақыру», - дейді Ұлттық парк директорының орынбасары Хамит Ахметов.  

 Акцияның бекітілген жоспарына сәйкес жыл басынан бері табиғатты қорғауға байланысты әр түрлі іс-шаралар мен конкурстар ұйымдастырылады. Маусым айының басында акцияның қорытындысы шығарылып, белсене қатысқан  мектептер мен оқушылар ұлттық парк және демеушілер тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталып, іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасады.

Биылғы қорытынды жиын 29 мамырда Көлсай көлінде өткізілді. Шараға Кеген, Қарабұлақ, Саты ауылдық округтерінің әкімдері, аудан көлеміндегі мектеп директорлары мен оқушылары, ұстаздары, БАҚ өкілдері және ұлттық парк қызметкерлері қатысты.

Шара соңында Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері және ұлттық парк қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экологиялық акция өткізілді.

Сондай-ақ, шараға келген БАҚ өкілдеріне Көлсай көлінде және Қайыңды көліне баспасөз туры ұйымдастырылып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.  

 

 

Ұқсас материалдар