Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қолжетімді баспанаға жаңа мүмкіндік: «Наурыз» бағдарламасы іске қосылады

Қолжетімді баспанаға жаңа мүмкіндік: «Наурыз» бағдарламасы іске қосылады
Қазақстандықтар үшін қолжетімді баспана ұсынатын «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау 2025 жылдың 3 қарашасынан 1 желтоқсанына дейін жүргізіледі.

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бағдарламаға Отбасы банкінің барлық салымшылары, сондай-ақ депозитінде кемінде 2 миллион теңге жинағы бар, соңғы бес жылда өзінде және отбасы мүшелерінде тұрғын үйі болмаған азаматтар қатыса алады.

Өтінім беру процесі толығымен онлайн форматта жүзеге асырылады. Қатысушылар Baspana Market платформасындағы жеке кабинеттері арқылы өтінім беріп, нәтижесін сонда бақылай алады. Өтінім беру тәртібі мен кезеңдері туралы ақпарат банк сайтындағы «Наурыз» бөлімінде жарияланған.

Бағдарлама шарттарына сәйкес:

  • Жаңа, таза әрленген тұрғын үйге бастапқы жарна – 10%-дан;

  • Әрленбеген немесе қайталама тұрғын үйге бастапқы жарна – 20%-дан басталады;

  • Сыйақы мөлшерлемесі әлеуметтік осал топтар үшін 7%-дан (ЖТСМ 7,1%), басқа қатысушылар үшін 9%-дан (ЖТСМ 9,4%) есептеледі.

Несие сомасының ең жоғары шегі:

  • Өңірлер үшін – 30 миллион теңге;

  • Астана мен Алматы қалалары үшін – 36 миллион теңге.
    Несие мерзімі – 19 жылға дейін.

Бағдарлама аясында Астана, Алматы және облыс орталықтарында тек бірінші нарықтағы (жаңа) тұрғын үйлер сатып алуға рұқсат етіледі.
Ал моноқалалар мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары бірінші және екінші нарықтағы үйлерді таңдай алады. Барлық нысандар Baspana Market порталы арқылы ұсынылады.

Ұқсас материалдар