Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Лондоннан Нью-Йорк биржасына кететін компаниялар көбеюі мүмкін - сарапшылар

Лондоннан Нью-Йорк биржасына кететін компаниялар көбеюі  мүмкін - сарапшылар

Лондон. 3 наурыз. 7kun.kz - Компаниялар Лондон қор биржасындағы листингтен бас тартып, Нью-Йорк қор биржасына кетуде, деп жазады Bloomberg агенттігі сарапшыларға сілтеме жасап.

"Егер Лондон жетекші қаржы орталығы дәрежесін қайтара алмаса, компаниялардың Лондоннан Нью-Йоркке кету үрдісі жалғасуы мүмкін", - дейді Freshfields Bruckhaus Deringer LLP серіктесі Оливер Лазенби.

Тек осы аптада екі ірі компания - CRH Plc құрылыс материалдарын өндіруші және Arm Ltd it фирмасы Нью-Йорктегі листингті таңдады.

Сонымен қатар, Flutter Entertainment PLC букмекерлік компаниясы мен биофармацевтикалық Entivior Plc құнды қағаздарын АҚШ-та қайта орналастыруды жоспарлап отыр.

Тіпті FTSE 100 индексіндегі кейбір компаниялар листингті Нью-Йоркке көшіруді қарастыруда, дейді анонимді болғысы келетін дереккөздер.

Британдық қор нарығының капитализациясы қазір 3 трлн долларды құрайды. Bloomberg бағалауы бойынша, АҚШ-та листингі бар компаниялардың жиынтық нарықтық құны 43 трлн долларға жетті.

Ұқсас материалдар