Айта кетейік, бұған дейін компанияны 2022 жылғы 11 мамырдан бастап екі жылдан астам уақыт Асхат Өзбеков басқарып келді.
«2022 жылдың мамыр айынан бастап «Кселлді» екі жылдан астам басқарған Асхат Өзбековке алғысымды білдіргім келеді. Оның басшылығымен компания айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Компания 5G-не арналған жиілік аукционын жеңіп алды, 800-ден астам базалық станцияларды сәтті салды және қазіргі уақытта біздің қызметтерді елдің 20-ға жуық қаласының тұрғындары пайдаланады. Бұдан басқа, «Кселл» Қазақстан қор биржасының акциялар нарығының көшбасшысы болып танылды және қазір біздің акцияларымыз «премиум» санатында. Асхат Архатұлына жаңа бастамаларды іске асыруға сәттілік тілеймін. Ол өз ісінің кәсіби маманы, жоғары кәсібилігі көптеген салаларда сұранысқа ие болатынына сенімдімін», - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин.
Асқар Жамбакин мансабын «Эйр Қазақстан» әуекомпаниясында байланыс технигі қызметінен бастаған, бірнеше жыл «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-де (Tele2/Altel) инженер болып жұмыс істеген, «HSBC Қазақстан банкінде» жұмыс істеген, BI еншілес компаниясы «Beintech» ЖШС-те де осыған ұқсас қызметтерді атқарған, «Qazkom» АҚ Клиенттік тәжірибені дамыту департаментіне басшылық еткен. Сонымен қатар,
«Қазақстанның Даму банкінде» жұмыс істеді, Ұлттық Банкінің Төлем жүйелерін басқару және дамыту департаменті директорының орынбасары болды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі ретіндегі соңғы лауазымында мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауға, бизнес-процестерді реинжинирингтеуге және деректерді басқаруға жауапты болды, цифрландыруды қадағалады: Smart Data Ukimet, Отбасының цифрлық картасы және басқа жобалар, сондай-ақ электрондық үкімет пен цифрлық теңсіздіктер және т. б. қоса алғанда, АКТ саласын дамыту стратегияларын әзірлеуге белсенді қатысты.
«Кселл» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша Алматы энергетика және байланыс институтының «Көп арналы телекоммуникациялық жүйелер» мамандығы бойынша түлегі, Манчестер университетінің «Менеджмент және ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистр дәрежесі және «Саид» бизнес-мектебінің ұйымдастырушылық көшбасшылық бойынша дипломы бар.