Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қырғыз банктері ресейлік жылдам төлем жүйесін жаппай өшіруде

Қырғыз банктері ресейлік жылдам төлем жүйесін жаппай өшіруде

Қырғызстандық банктердің барлығы ресейлік жылдам төлем жүйесін (ЖТЖ) өшіруде. Ресей Орталық банкіне тиеселі жүйе түрлі банктер арасында қаражат аударып, салық, зат сатып алу, қызмет ақысын төлеуге мүмкіндік беретін.

Аталған қызметті ресейліктермен қатар Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан банктері мен азаматтары да қолданатын. Алайда алдағы уақытта барлығы бұл қызметтен бас таратын сияқты. Бірінші болып Қырғызстан банктері өшіре бастады. Бұған дейін қолданып келген 11 қырғыз банкінің 8-і ЖТЖ өшіріп, тек «Айыл», «Керемет», «Компаньон» банктері қалған еді. Бүгін «Керемет» банк те аталған қызметті қолдамайтынын хабарлады. Қалған екеуі де жақын күндері бас тартуы мүмкін.

Банктердің өздері мұны белгісіз мерзімге, уақытша өшіру дейді.

Мысалы соңғы болып өшірген MBank «Ресей банктері, соның ішінде Сбербанк, Тинкофф және МТС арқылы ақша аудару тоқтатылды, бұл қызмет уақытша қолжетімсіз. Кіріс аударымдары санкцияға жатпайтын банктер арқылы рубль деректемелері арқылы жүзеге асырылады», - деген хабарлама таратты.

Алайда сарапшылар бұл уақытша шектеу емес, дейді.

«Қырғыздарға енді ыңғайсыз болады. 700 мың қырғыздың РФ азаматтығы бар. Ресейде 7 млн қырғыздың 1,2 млны тұрады. Көпшілігі үйлеріне ақша жіберетін. Енді басқа аударым жүйелері арқылы жіберуге мәжбүр» деп жазады Қырғызстан азаматтығын алған ресейлік Михаил Жуховицкий өзінің телеграм арнасында.

Оның жазуынша ресейлік жылдам төлем жүйесінен келесі кезекте Тәжікстан (18  банк қосылған), Өзбекстан (28 банк) өшіреді.

Ол сондай-ақ, АҚШ қырғыз банктерінен ресейліктер ашқан шот пен карталарын жабу үшін қысым жасауы мүмкін дейді.

 

Ұқсас материалдар