
Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық Банкі ақша массасының инфляцияға әсерін анықтау үшін арнайы экономикалық зерттеуінде айтылған.
Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, ақша массасының 10%-ға көбеюі – инфляция мөлшерін бір жылда 0,8 пайызға ұлғайтып отыр. Ал 2 жылда оның көлемі 1%-ға дейін артады. Егер ұзақмерзімді перспективада қарайтын болсақ, онда ақша массасының 10%-ға көбеюі инфляцияны 1,8%-ға дейін арттырады.
Сонымен қатар қысқамерзімді кезеңге қарағанда ұзақмерзімді кезеңде ақша массасының бағаға әсері күшті. Өйткені қысқамерзімді кезеңдегі инфляцияға валюта бағамының ауытқуы, сыртқы күтпеген өзгерістер және басқа да қосымша факторлар әсер етеді.
Осылайша, зерттеу нәтижелері ақша массасының Қазақстандағы инфляциялық процестерге айтарлықтай әсері туралы гипотезаны растайды және ақша-кредит саясатын қалыптастыру кезінде монетарлық факторларды есепке алу маңыздылығын көрсетеді.Айта кету керек, ақша массасының инфляцияға ықпалын анықтау COVID-19 пандемиясы кезінде өзекті бола түсті. Ол кезде ақша эмиссиясы (қосымша көлемі) айналымға жаппай шығарылып жатқан кез еді.
Зерттеу нәтижесінде екі көрсеткіш арасында тығыз байланыс бары анықталды. Инфляциясы тым жоғары елдерде де, бағаның өсу қарқыны тым төмен елдерде де осы үрдіс байқалған.