Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық банк: базалық мөлшерлеме 2024 жылдың соңына дейін өзгеріссіз қалады

Ұлттық банк:  базалық мөлшерлеме 2024 жылдың соңына дейін өзгеріссіз қалады

ҚР Ұлттық банкінің Ақша-несие саясаты комитетінің мүшелері базалық мөлшерлеме жыл соңына дейін 14,25 пайыз деңгейінде сақталады деп болжап отыр. Бұл туралы тамыз айындағы ақша-несие саясаты есебінде айтылды.

ҰБ-тің бағалауы бойынша, 2025 жылы базалық мөлшерлеме 11,9%-ға, 2026 жылы 10%-ға дейін төмендеуі мүмкін.

Алайда, Ұлттық Банк ескерткендей, ұсынылып отырған траектория міндетті түрде осы деңгейде ұстау керек, дегенді білдірмейді.

«Ұлттық Банк бағаланған мөлшерлеме траекториясынан ауытқу жағдайында оларды қабылдаудың факторлары мен алғышарттарын түсіндіреді», - делінген құжатта.

Ұлттық банк өзінің коммуникациялық саясатының ашықтығын арттыру мақсатында базалық мөлшерлеменің болашақ траекториясын бағалауды 2024 жылдың қыркүйегінен бастап жариялай бастайтынын еске салды.

Айта кетейік, 29 тамызда Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 14,25 пайыз деңгейінде қалдырды. Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 11 қазанда қабылданады.

Ұқсас материалдар