Қазақстан Ұлттық Банкі 5 маусымда базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін жариялап, оны 17 пайыз деңгейінде белгіледі.
Осылайша реттеуші негізгі мөлшерлемені бұрынғы 18 пайыздан 17 пайызға дейін төмендетіп отыр. Бұл шешім қаржы нарығының қатысушылары арасында қызу талқыланған болатын.
Бұған дейін халықаралық инвестициялық банк Goldman Sachs сарапшылары Қазақстандағы базалық мөлшерлемені төмендетуді қолдаса, Halyk Research сарапшылары мөлшерлемені бұрынғы деңгейде сақтауды жөн көрген еді.
Еске салайық, Қазақстан Ұлттық Банкі биылғы 6 наурыз бен 24 сәуірдегі отырыстарында базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалдырған болатын.
Базалық мөлшерлеме – экономикадағы несиелер мен депозиттердің құнына ықпал ететін негізгі қаржылық көрсеткіштердің бірі. Сондықтан Ұлттық банктің бұл шешімі алдағы уақытта қаржы нарығы мен несие саясатына әсер етуі мүмкін.





