Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық банк криптоактивтерге 300 млн долларға дейін инвестиция салуы мүмкін

Ұлттық банк криптоактивтерге 300 млн долларға дейін инвестиция салуы мүмкін

Сенаттағы жиыннан кейін ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Ұлттық қор мен алтын-валюта резервтерінің бір бөлігін криптоактивтерге орналастыру мүмкіндігін түсіндірді.

Оның айтуынша, криптоактивтер перспективалы және табысты бағыт екенін дәлелдесе, Ұлттық банк белгілі бір көлемде қаржы салуды қарастыруы мүмкін.

«Қазір нақты соманы айту қиын, бірақ шамамен 300 млн АҚШ доллары көлемінде болуы ықтимал. Дегенмен бұл ертең бөлінеді деген сөз емес, процесс әлі зерттеліп жатыр», – деді Шолпанқұлов.

Ұқсас материалдар